51164
Мақпал Жұмабай Ақпарат және қоғамдық даму министрінің кеңесшісі болып тағайындалды
Мақпал Жұмабай Ақпарат және қоғамдық даму министрінің кеңесшісі болып тағайындалды
Мақпал Жұмабай Ақпарат және қоғамдық даму министрінің кеңесшісі болып тағайындалды. Бұл туралы министр Дархан Қыдырәлі өзінің Facebook-тағы парақшасында жазды деп хабарлады turkystan.kz.
«Бүгін Алматыда заманауи медиа өкілдері мен креатив жастармен кездестім. Түрлі платформаларда шығармашылық әлеуетін танытып жүрген жастар жан-жақты мәселелерді ортаға салды. Өте пайдалы кездесу болды деп ойлаймын. Айтпақшы, осы басқосуға ұйытқы болған Мақпал Жұмабай қарындасым бүгіннен бастап ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің кеңесшісі лауазымына кірісті. Сәттілік тілеймін!» деп жазды ол.Айта кетейік, бұған дейін Мақпал Жұмабай «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрайымының орынбасары қызметін атқарды.