50160
Алматылық қыз канадалық азаматты тонап кетті (видео)
Алматылық қыз канадалық азаматты тонап кетті (видео)
Алматылық ару әлеуметтік желіде танысқан канадалық азаматты тонап кетті деп хабарлады turkystan.kz.
Нұр-Сұлтанда алғаш рет кездескен олар мейрамханада кешкі ас ішіп, артынша қонақүйде бірге түнеген. Алайда ертесінде жаңа танысы шетел азаматының картасын қолды етіп, қонақүйден шығып кеткен.
Шетелдік азамат картасының жоғалғанын келесі күні банктің мобильді қосымшасына транзакциялар жүргізіліп жатқаны туралы хабарламалар түсе бастағанда бір-ақ байқаған. Ол картаны бұғаттап, полицияға хабарласқан.
Қыз сауда орталығында бес мың канадалық долларға (шамамен 1,8 миллион теңге) сауда жасаған. Күдікті төртінші күні ұсталды.
«Қазіргі таңда ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы бойынша (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полицейлер күдіктінің елордада бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысын тексеріп жатыр», – деді Полиция департаментінен.