50444
Антикор Бақытгүл Хаменованың ісіне қатысты мәлімдеме жасады
Антикор Бақытгүл Хаменованың ісіне қатысты мәлімдеме жасады
Әлеуметтік желіде сотталушы Бақытгүл Хаменованың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тарапынан оны негізсіз қудалау туралы мәлімдемесі бар ақпарат таратылып жатыр деп хабарлады turkystan.kz Антикорға сілтеме жасап.
«Өткен жылдың желтоқсан айында Хаменова Мәдениет басқармасының басшысы А.Рысқалиевпен Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасқаны және міндеттемелерді орындау барысында жалпы қамқорлығы үшін "Балқыту" ЖШС директоры У.Адамовтан алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобында 4,5 млн теңге сомасында пара алғаны үшін әшкереленгенін хабарлаймыз. Оның әрекеттері жиналған дәлелдемелерді, оның ішінде жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижелерін, сондай-ақ күдіктілер мен куәлардың тікелей айғақтарын ескере отырып сараланады», - деп жазылған хабарламада.Ведомство тағылған айыптың негізділігі мен заңдылығын прокурор растағанын мәлімдеді. Хаменованың және басқа адамдардың кінәсі туралы қорытынды шешімді сот қабылдайды.