2024 жылы жаңа Салық кодексі күшіне енеді

2024 жылы жаңа Салық кодексі күшіне енеді

2024 жылы жаңа Салық кодексі күшіне енеді
ашық дереккөзі
50365
Қасым-Жомарт Тоқаев «Ақорда» резиденциясында еліміздің бизнес-қоғамдастығы өкілдерімен кездесуінде салық саясаты мен салық әкімшілігі түбегейлі қайта қаралатынын жеткізді деп хабарлады turkystan.kz Ақордағы сілтеме жасап.
 – 2024 жылы жаңа Салық кодексі күшіне енеді. Оны әзірлеуге бизнес тікелей қатысады. Бұл – менің Үкіметке берген тапсырмам. 2024 жылдан «басынан бастап реттеу» жүйесі іске қосылады. Бұл бизнесті артық әкімшілік қысымнан босатады. Мемлекеттік сатып алу тәсілдері мен мемлекеттік-жекеменшік әріптестік моделі толығымен қайта қаралып, жер қойнауын пайдалану жөніндегі заңнама жетілдіріледі, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент ірі бизнес өкілдерін қоғамды толғандыратын әлеуметтік мәселелерді шешуде шет қалмауға шақырды.
– Адами капиталға, атап айтқанда, заманауи балабақшалар, жайлы мектептер, ауруханалар, іргелі университеттер салуға, туризмді дамытуға инвестиция құю да маңызды. Сіздер қайырымдылық істер жасауды жалғастыра беретіндеріңізге сенімдіміз. Қазір елімізде мектептердің, студенттер жатақханаларының, жастарға арналған спорт ғимараттарының тапшылығы сезіледі. Сіздердің көмектеріңіз ел үшін елеулі болар еді, – деді Президент.
Жиын соңында Мемлекет басшысы билік пен бизнес арасындағы конструктивті диалогты жалғастырудың маңызды екенін атап өтті.

Серіктес жаңалықтары