50257
Респонденттердің 82,4 пайызы Президенттің саяси бастамасын қолдайды
Респонденттердің 82,4 пайызы Президенттің саяси бастамасын қолдайды
Қоғамдық саясат институты 2022 жылғы 7 қыркүйекте телефон арқылы сауалнама жүргізді. Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен 17 облыстың қала және ауыл тұрғындары арасында 18 жастан асқан 2 394 респондент сауалнамаға қатысқан.
Зерттеу нәтижелеріне сәйкес Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында мәлімдеген саяси бастамалары оң қабылданды.
Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында Президенттің өкілеттік мерзімінің саны мен ұзақтығын қайта қарауды ұсынған болатын. Атап айтқанда, Президенттің мандатын қайта сайлау құқығынсыз 7 жылға созылатын бір мерзімге шектеу туралы бастама көтерілді.
Сауалнамаға қатысқандардың басым көпшілігі (82,4%) осы саяси инновацияны қолдайды.
Қатысушылар негізінен мына бастамаларды қолдау білдірген:
- 7 жыл ішінде кез келген сайлауалды бағдарламаны жүзеге асыруға болатынына сенімділік (61,7%);
- 7 жыл ішінде биліктің барлық құрылымын монополиялау мүмкін емес екеніне деген сенім (14,9%).
Бір қызығы, әрбір 5-ші респондент үшін (19,5%) Президент тек бір рет сайланатыны әлдеқайда маңызды болған.