50343
Тұңғыш Президент кітапханасында Жолдау талқыланды
Тұңғыш Президент кітапханасында Жолдау талқыланды
Бүгін Тұңғыш Президент кітапханасында Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» Жолдауын талқылауға арналған дөңгелек үстел отырысы өтті.
Іс-шараға Мәжіліс депутаттары, Әзербайжан президенті әкімшілігінің жанындағы Әлеуметтік зерттеулер орталығы, Еуразиялық интеграция, Қазақстан қоғамдық даму институты, Қоғамдық саясат, Экономикалық саясат, Қазақстан Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің Мемлекет тарихы, «Альтернатива» өзекті зерттеулер орталығы және Қазақстанның Стратегиялық зерттеулер институттарының басшылары мен сарапшылары, сондай-ақ Ұлттық құрылтай мүшелері қатысты.
«Қазақстан Президенті Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы қазақстандық қоғамды жаңғырту үдерісіндегі маңызды кезең. Ол осы жылдың маусым айында өткен республикалық референдумның қорытындысы бойынша өткізуге халықтан мандат алған Президент жүргізіп жатқан конституциялық реформаның түйінді идеяларының қисынды жалғасын тапты. Қайта құрулардың негізгі мәні қарапайым адамға, оның мүдделері мен қажеттіліктеріне бет бұруда, азаматтар мен азаматтық қоғамның мемлекетті басқару процесіне қатысуын түбегейлі кеңейтті. Қоғамдық-билік қатынастарының жаңа парадигмасында азаматтық белсенділік пен жалпы халықтың қолдауына сүйене отырып, Президент Қ.Тоқаев әу бастан-ақ «еститін мемлекет» прогрессивті идеясын жариялады. Қазақстандықтардың саяси, экономикалық, қоғамдық салаларда өзін-өзі жүзеге асыруы үшін жаңа мүмкіндіктер туғызуға, сондай-ақ маңызды мемлекеттік шешімдерді қабылдау процесінде отандастарымыздың шешуші дауысқа ие болуына мүмкіндік беретін тетіктерді кеңейтуге баса назар аударылады», - деді Тұңғыш Президент кітапханасының директоры Бақытжан Темірболат.
«Қазіргі Жолдауды белгілі бір салалардағы мемлекеттік саясат парадигмасын өзгерту тұрғысынан бетбұрыс деп атауға болады. Әлеуметтік саясат түбегейлі қайта қаралып, қоғамда тек мемлекетке ғана үміт арту жоқ екені және елдегі тұрақты жұмыс орындарының санын арттыру мәселесін тезірек шешу қажет екені айтылды. Мемлекет басшысының бағыты аясында жүзеге асырылып жатқан демократияландыру процесі азаматтардың құқығы мен бостандығын қорғауға бағытталған. ШОБ мүдделерін қорғайтын құқық қорғау органдарының жұмысы қайта құрылып жатыр», - деді Еуразиялық интеграция институтының директоры Оразғали Селтеев. «Бүгін бұл іс-шара Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаттарымен қатар, сарапшылар, ғалымдар мен қоғам қайраткерлерінің басын қосты. Жолдау әртүрлі саланы қамтыған. Сондықтан әртүрлі пікірлерді тыңдау өте маңызды, өйткені оның мәні Жолдаудың қағидаттарын түсіндіруде ғана емес, оны одан әрі жүзеге асырудың нақты шараларын талқылауда», - атап өтті Қоғамдық саясат институты директорының Динара Сәдуақасова.«Жолдаудың алдында ұлттық ауқымдағы теңдессіз конституциялық реформа болды. Енді Мемлекет басшысы жаңа экономикалық саясатты жүргізуге кірісу керегін, оның негізгі аспектісі – мемлекеттің экономикадан шығуы туралы нақты белгі берді. Барлық жоспарланған конституциялық реформа жүзеге асырылғаннан кейін Қазақстан қуатты экономикалық серпіліске ие болады деп сеніммен айта аламын», - деп пікірмен бөлісті Экономикалық саясат институтының президенті Қайырбек Арыстанбеков. Кездесу қорытындысы бойынша сарапшылар Мемлекет басшысының қыркүйектегі Жолдауында айтылған әлеуметтік-экономикалық және саяси бастамаларына бірауыздан қолдау білдірді.