Қазақ баласы Manhunt International байқауының финалына шықты

Қазақ баласы Manhunt International байқауының финалына шықты

Қазақ баласы Manhunt International байқауының финалына шықты
ашық дереккөзі
50370
Қазақстандық Бақыт Төлегенов Manhunt International байқауына еліміздің атынан қатысқан алғашқы адам болды. Бұл – 1993 жылы алғаш рет Сингапурде өткен ең беделді ерлер сұлулық байқауы деп хабарлады turkystan.kz. Бақыт 1994 жылы Қызылордада дүниеге келген. Алты жасынан бастап елордада тұрған деп жазады ztb_kz.
«Қазақстанда университетті қызыл дипломмен бітірдім. Содан кейін шетелге білім алуға кеттім. 2018 жылы Глазго университетінде магистратураны бітірдім, ал 2020 жылы сол жерде докторантураға түстім. Сол университетте ассистент-оқытушы болып жұмыс істеймін. Оқуды бітіргеннен кейін Қазақстанға оралып, еліміздегі ғылым мен білімнің дамуына бар күш-жігерімді саламын», - дейді отандасымыз.
сұлулық байқауы Manhunt International байқауында Бақыт Төлегенов финалға өтті. Ақтық сын 1 қазанда Манилада (Филиппин) өтеді. Қазақстан алғаш рет осы ауқымды жобаның финалына шықты. Енді әлемнің 40 елінен келген қатысушылар жеңіске таласады. Іс - шараға әлемге әйгілі модельдік ұйымдар, сән үйлерінің өкілдері, журналдар мен порталдардың редакторлары және т.б. қатысады. Айта кетейік, бүгінде ерлерге арналған әлемдік деңгейдегі төрт байқау бар. Оның ішіндегі ең беделдісі – Manhunt International.

Серіктес жаңалықтары