50242
«Артында 5 баласы қалған»: қызмет барысында қаза тапқан өрт сөндіруші мемлекеттік марапатқа ұсынылды
«Артында 5 баласы қалған»: қызмет барысында қаза тапқан өрт сөндіруші мемлекеттік марапатқа ұсынылды
Абай облысындағы өртті сөндіру кезінде 36 жастағы өрт сөндіруші қаза тапты. Оның соңында 5 баласы қалған деп хабарлады turkystan.kz «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға қызыл жалынмен арпалыс кезінде жел бағыты өзгеріп, тұрған автоцистерна мен су таситын көлікке қарай лап қояды. Осының салдарынан көліктер жанып жатқан қызыл жалынның ортасында қалып, толық жанып кеткен. Ал марқұмның қасында болған тағы бірнеше өрт сөндірушіні күйік шалған. Қызметтік борышын орындау кезінде көрсеткен батылдығы мен жанқиярлық ерлігі үшін азаматтық қорғау сержанты Айдос Тоғызбаев қаза тапқаннан кейін 3-ші дәрежелі «Айбын» мемлекеттік наградасына ұсынылды. Бұдан өзге, бүгін таңертең Аягөз ауданында екі жерден дала өрті тіркелген. Бірақ мамандар ол күш алмай тұрып ауыздықтап үлгерді. Дәл қазір Баршатас ауылы маңында да қызыл жалынмен арпалыс жүріп жатыр. Бұдан өзге, Абай ауданы Көкбай ауылында құрғақ шөп жанған. Тілсіз жаумен күреске 9 техника, 50-ге жуық адам тартылған.
«Өрт көп болған аймақтар Үржар ауданында 5 мың гектар жанды, Аягөз ауданында жанып жатыр және Жарма ауданында 500 гектардан астам жерді дала өрті шалды», - деді облыстық ТЖД төтенше жағдайларды жою басқармасы басшысының м.а. Мейірхан Тұраров.