Балтабек Нұрғалиев Рим Папасына жыр арнады

Балтабек Нұрғалиев Рим Папасына жыр арнады

Балтабек Нұрғалиев Рим Папасына жыр арнады
ашық дереккөзі
50324
Биліктегі азаматтарға жиі өлең арнайтын Халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінің Гран При иегері Балтабек Нұрғалиев кезекті «шедеврімен» бөлісті деп жазды turkystan.kz. Қазақстанның Тұңғыш Президенті мен оның отбасына және Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа арнаған өлеңдерімен елдің есінде қалған ол кезекті туындысын Рим Папасына арнаған:
Қазақстанға Рим Папасы келеді, Еліміздің асқақтайды беделі. Рим Папасы баршамызды қуантып, Баршамызға ақ батасын береді! Қазақстанға Рим Папасы келеді, Мендік жүрек жақсылыққа сенеді. Рим папасы келген сәтте біздің ел, Жемқорлықты, кедейлікті жеңеді. Қазақстанға Рим Папасы келеді, Мемлекетке тиер ғажап көмегі. Келсін, келсін, Рим Папасы тезірек, Осы боп тұр Қазақстанға керегі!
Балтабек Нұрғалиев бұл өлеңін Рим Папасы елімізге келгенде, өзіне оқып бергісі келеді. Бұл өтінішін әлеуметтік желі арқылы Мемлекет басшысына жолдады.
«Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы! Рим Папасы келгенде, мен ол кісіге арналған өлеңімді өзіне оқып бергім келеді. Менің өлеңімді кездесу бағдарламасына қосуыңызды өтінемін. Рим Папасының ризашылығын алу мен үшін биік мәртебе!» деп жазды ол фейсбуктегі парақшасында.
Еске салсақ, Балтабек Нұрғалиев биылғы жылдың басында Қасым-Жомарт Тоқаевқа арнап өлең жазған еді. Кейін ол өлеңі әнге айналды.

Серіктес жаңалықтары