«Темірқазық»: Қасым-Жомарт Тоқаевқа арналған ән шықты (ВИДЕО)

«Темірқазық»: Қасым-Жомарт Тоқаевқа арналған ән шықты (ВИДЕО)

«Темірқазық»: Қасым-Жомарт Тоқаевқа арналған ән шықты (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен оның отбасына арнаған жырларымен көпке белгілі бола бастаған Балтабек Нұрғалиев енді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа арнап ән шығарды, деп хабарлады turkystan.kz. Әннің атауы – «Темірқазық».
«Бұл ән - Тәуелсіздікке қауіп төнгенде, оны отқа орандырмай қорғап қалған Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлына арналады» деп жазды автордың өзі әлеуметтік желідегі парақшасында.
Әннің мәтіні төмендегідей: Жүрегіміз лүпілдеп соғады, Бəрі жақсы болады, болады. Басымызға бір бақыт қонады! Темірқазық, жол көрсет, Темірқазық!   Қайырмасы: Сізге шын ереміз, Сізге шын сенеміз. Алдағы болашақ өмір жарық! Үміті елдің де, Үміті жердің де, Қасым-Жомарт Кемелұлы! Өзіңіз Темірқазық! Темірқазық!   Кемел əке болыпты ел ері, Әкеңіздің дарыпты өнері! Елбасының сенімді серігі, Темірқазық, жол көрсет, Темірқазық!   Қайырмасы: Сізге шын ереміз, Сізге шын сенеміз. Алдағы болашақ өмір жарық! Үміті елдің де, Үміті жердің де, Қасым-Жомарт Кемелұлы! Өзіңіз Темірқазық! Темірқазық!