50654
Қазақ қызы алданып барған Лаос қандай ел?
Қазақ қызы алданып барған Лаос қандай ел?
Үндiқытай түбегiнің орталық бөлiгiнде орналасқан Лаос қандай ел? Тurkystan.kz сайты назарларыңызға 10 дерек ұсынады:
1) XIV ғасырда Лаос әлем картасында пайда болған кезде оны Лан Санг Хом Кхао деп атады. Бұл «Миллион піл мен ақ қолшатырлар елі» деп аударылады.
2) Лаостың солтүстігінде «Құмыралар алқабы» деп аталатын ерекше аумақ орналасқан. Диаметрі 3 метрге, салмағы 6 тоннаға жететін мыңдаған алып тас құмыралар бірнеше ауданға таралған. Ғалымдардың пайымдауынша, үлкен ыдыстарды 1500-2000 жыл бұрын мәдениет туралы ештеңе білмейтін адамдар қолданған. Жергілікті тұрғындар құмыраларды бір кездері аңғарда тұратын алыптар қалдырған деп санайды. Өкінішке қарай, «Құпия соғыс» кезеңінде бұл аймақты америкалық авиация қатты бомбалады. Қазір алқаптың едәуір бөлігінде әлі күнге дейін жерде жатқан оқ-дәрілер бар. Сондықтан келушілер үшін жабық.
3) Вьентьянның аумағы шамамен 3920 шаршы шақырым. Оңтүстік-Шығыс Азиядағы ең кішкентай астана.
4) Вьентьянға жақын жерде будда саябағы орналасқан. Онда екі жүзден астам будда және үнді мүсіні бар. Бұл өнер туындылары өте ежелгі дүние сияқты көрінуі мүмкін. Бірақ олардың пайда болғанына 50 жылдан асқан. Сонымен қатар адамдар басы үш метрге жететін жын-перілердің аузы арқылы жұмақты, жерді және тозақты бейнелейтін кешенге кіре алады.
5) Мамыр айында Лаос халқы өздерінің ең көне мерекесі – жаңбыр фестивалін атап өтеді. Мерекенің мәні – жерге ылғал қажет екенін Құдайдың есіне салу.
6) Лаостағы буддистердің әрқайсысы монастырьда үш айлық тыңдаудан өтуі керек. Монастырьға Хао Панстың жазғы мерекесі күні, Лаос өзенінде мыңдаған шам жанып тұрған кезде бару керек.
7) Лаос алфавиті 30 дауыссыз және 15 дауысты дыбыстан, сондай- ақ 6 үннен тұрады. Бір сөз сегізге түрлі мағынаны білдіруі мүмкін.
8) Ауыр заттарды тасу үшін лаостықтар басына киілетін арнайы сөмкелерді пайдаланады.
9) Лаос тұрғындары ет сорпасына бірнеше қасық қант қосуы мүмкін. Сонымен қатар жарғанаттан тағам жасайды.
10) Лаоста жыл сайын шамамен 20 тонна кофе өндіріледі.
Бұған дейін қазақстандық актриса Анель Бермағанбетова өзін жұмыс берушілер алдап әкеліп, Лаос елінде күштеп ұстап отырғаны туралы жазған болатынбыз.