Лаостағы қазақстандықтың тағдырына қатысты екі елдің дипломаттары келіссөз өткізеді

Лаостағы қазақстандықтың тағдырына қатысты екі елдің дипломаттары келіссөз өткізеді

Лаостағы қазақстандықтың тағдырына қатысты екі елдің дипломаттары келіссөз өткізеді
ашық дереккөзі
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі өкілі Лаоста еңбек құлдығында екенін мәлімдеген Анель Бермағамбетованың үндеуіне қатысты пікір білдірді деп хабарлады turkystan.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. СІМ мәліметінше, отандасымыз консулмен байланысқа шығып, өзінің жағдайы туралы айтып берген. Қазақстанның Ханойдағы елшілігі Лаостың Сыртқы істер министрлігіне оны құтқаруға барынша көмек көрсету туралы тиісті нота жолдаған. Лаос полициясы бұл мәселемен айналысып жатыр, ертең Лаостың СІМ және ІІМ өкілдерімен келіссөз өтетіні белгілі болды.
«Айта кетейік, біздің отандасымызға қауіп төніп тұрған жоқ, ол дипломаттармен және туыстарымен үнемі байланыста. Оның айтуынша, құжаттары мен телефонына тиіспеген, телефон мен интернет байланысын шектемеген, сондай-ақ, күш қолданбаған. Ол Таиландқа және одан әрі өз еркімен барған. Сондай-ақ, Анельдің айтуынша, жұмыс берушілер оның ұшуына, тұруына және басқа да шығындарына жұмсаған қаражаты өтелсе, жіберуге дайын», - деді ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.