50413
Катардағы ӘЧ-да кім жеңіске жетеді? – болжам жасалды
Катардағы ӘЧ-да кім жеңіске жетеді? – болжам жасалды
2022 жылы Катарда өтетін Әлем чемпионатында кімнің жеңіске жететінін автоматтандырылған компьютер анықтап, болжам жасады деп хабарлады turkystan.kz.
The Analyst қызметкерлері құрастырған алгоритм арқылы жабдықталған компьютер ӘЧ-да жеңімпаз ретінде Франция, Бразилия және Испания секілді елдерді көрсеткен.
Программаның есептеуі бойынша көрсеткіштер реті мынандай:
Франция – 17,93%,
Бразилия – 15,73%,
Испания – 11,53%.
Ойын иелері, яғни Катар құрамасының бұл додада жеңіске жету көрсеткіші 0,35 пайызды құрады. Ал үш бірдей: Коста-Рика, Сауд Арабиясы және Камерун құрамаларының жеңіске жету мүмкіндіктері 0-ге тең болған.