379
Сот қағазын поштамен жіберуге 200 миллион теңге шығындалған
Сот қағазын поштамен жіберуге 200 миллион теңге шығындалған
Қазақстанда осы күнге дейін азаматтарды сотқа шақырту қағазын поштамен жіберу үшін 200 миллион теңгеден астам ақша жұмсалыпты.
Енді шығынды азайтып, қаржыны үнемдеуге "Сот кабинеті" электронды жүйесі септігін тигізетін болды. Азаматтар Жоғарғы соттың ресми сайтында орналасқан жүйе арқылы арыз түсіріп, 15 минут ішінде құжаттың тиісті мамандар қолына түскені жайында смс-хабарлама алады. Соңғы кездері біз барлық сот актілері мен құжаттарды электронды нұсқада қабылдаймыз. Әрқайсымызда осындай карточка бар. Оның көмегімен базаға кіреміз. Мамандардың айтуынша, электронды жүйй қағазбастылықтан құтылуға, жұмыс уақытын 3-4 есеге дейін үнемдеуге мүмкіндік беріп отырған көрінеді. "Сот кабинеті" жобасы былтыр шілде айында іске қосыла бастаған. Электрондық қызмет арқылы бүгінгі күнге дейін 167 мың арыз келіп үлгерген. Алдағы уақытта жаңа жүйенің қолданыс ауқымын кеңейту қолға алынып отыр.