Екібастұзда 14 жастағы қызға зорлық жасады деген күдікті ұсталды деп хабарлады turkystan.kz Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.
«Павлодар облысы Екібастұз қалалық полициясына жергілікті тұрғыннан 14 жастағы қызына қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық әрекеттері туралы шағым түскен», — деді Павлодар облыстық Полиция департаменті.
«Аталған факті бойынша ҚК 121-бабы («Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері») 3-1 бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр», - делінген хабарламада.