Отырар ауданы тері ауруынан зәрезап болуда

Отырар ауданы тері ауруынан зәрезап болуда

Отырар ауданы тері ауруынан зәрезап болуда
ашық дереккөзі
379
Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданына қарасты елді мекендерден тері ауруы шығып, әбігерге салуда. Ал Аққұм ауылының тұрғындары 4 айдан бері жаппай тері ауруына шалдыққан. Мұнда шіркей мен маса секілді жәндік шаққаннан пайда болған лейшманиозбен ондаған адам ауырады.  Аққұм ауылының тұрғыны Мадина Ыдырысованың айтуынша, алты баласының төртеуіне осы тері ауруы шыққан. Алғашқыда қызара бөрткен орын жан-жағына тарап кеткен екен. Аққұмдағы ахуалдан аудандағы атқамінерлер хабарсыз секілді. Лейшманиоз Отырар ауданы үшін қалыпты жағдай деп, біресе ондай ауру биыл бірлі-жарлы тұрғында ғана шықты деген аудан әкімдіктегілер жайбарақат. Лейшманиоз жарасы Отырар ауданында бұрын да тіркелген. Бұл тері ауруының ерекшелігі, жазылса да, орны қалып қояды. Және көз жара секілді көлемі де үлкен. Бүгінде Аққұм ауылының мектебінде оқитын оқушылар да тері ауруынан зәрезап болған. Медициналық құжатта бір мектептің өзінде 27 оқушыға лейшманиоз диагнозы қойылғаны көрсетілген. Ал отырарлықтардың айтуынша, лейшманиоз Аққұм ауылында ғана емес, көрші ауылдарда көп кездесіп жатыр. Бұл ақпаратты облыстық тері-венерологиялық аурулар диспенсері де растады. Олар берген ақпарат бойынша, Отырарға көршілес Мақтарал және Шардара аудандарынан да лейшманиозбен ауырып келіп жатқандар жетерлік.

Серіктес жаңалықтары