Қазақстан алдағы уақытта ЖІӨ-ді екі есеге арттырмақ

Қазақстан алдағы уақытта ЖІӨ-ді екі есеге арттырмақ

Қазақстан алдағы уақытта ЖІӨ-ді екі есеге арттырмақ
ашық дереккөзі
305

Бүгін Астана қаласында өткен «Елбасымен бірге – жаңа жетістіктерге!» атты жастар форумы барысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ел экономикасына қатысты бірқатар мәселелерді ортаға салды. «Әлемде мінсіз, еркін нарықтық экономика іс жүзінде жоқ. Алайда, әр елдің өз мүддесіне сай қолданатын нарықтық реттеуіштері бар. Барлық дамыған мемлекеттер өз өнеркәсіптерін, ауыл шаруашылығы мен бизнесін тікелей дотациялар арқылы қолдап отырады. Қазіргі уақытта біз Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру бағытында жұмыс істеп келеміз. Өте күрделі келіссөздер жүргізіліп жатыр. Мұны әрбір мемлекетпен 10 жыл қатарынан жүргіздік. Бізде өнімді қолдау 4%-ға жетпесе, Францияда – 25%, АҚШ және басқа да елдерде бұл көрсеткіш одан да жоғары. Келісім барысында бірқатар мемлекеттер біздің ауыл шаруашылығына қолдау білдірмейтіндіктерін жеткізді. Ал бұл жағдай біздің өнімдердің бәсекеге қабілеттілігін төмендетпек», - деп толықтырды Елбасы өз сөзін.

Соған қарамастан, Н.Назарбаев қазақстандықтардың өмiр сүру сапасын әлемнiң жетекшi елдерiнiң деңгейiне жеткiзу міндетін жүзеге асыру керек екендігін айтты. «Бүгiнгi күнi Қазақстан көптеген параметрлер бойынша әлемдегi дамыған 30 мемлекеттiң тізіміне кiредi. Бұған бiз қысқа уақытта қол жеткiздiк, 20 жыл тарих үшiн қас қағым сәт. Экономиканың даму қарқыны, бiрқатар өнеркәсiптiк өндiрiс, ауыл шаруашылығы, бiлiм, денсаулық сақтау және басқа да факторлар бойынша осы елдердiң қатарындамыз деп айтуға болады», - дейдi Елбасы. Мемлекет басшысы атап өткендей, ендi бiз қазақстандықтардың өмiр сүру сапасының деңгейi бойынша әлемнiң жетекшi экономикаларына ұмтылуымыз қажет. Бұл үшiн жан басына шаққандағы жалпы iшкi өнiмнiң көлемi дамыған елдердегi деңгейден екi есе артық болуы тиiс. «Бүгiнгi күнi әрбiр тұрғынға шаққанда 13 мың доллар өнiм өндiремiз, бұл орта дамыған елдiң деңгейi. Мысалы, Сингапурда бұл көрсеткiш жан басына шаққанда 80 мың доллар, Еуропаның өзге елдерiнде 60 мың доллар. Бұл ең басты көрсеткiш емес, әрине, бiрақ бiз бұл меженi бағындыруымыз керек», - деп қадап айтты Н.Назарбаев.

Серіктес жаңалықтары