300 миллион доллар инвестиция тартылды

300 миллион доллар инвестиция тартылды

300 миллион доллар инвестиция тартылды
ашық дереккөзі
385
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «25 kz қазіргі заман тариxы» деректі фильмінде Астанадағы Сенат, Үкімет және өзге де ғимараттар кімнің қаражатына салынғанын айтып берді. «Астанада орналасқан Сенаттың ғимараты араб ақшасына салынды. Сұлтан ханзада 15 миллион доллар сыйлық ретінде берді. Ол тағы кардиологиялық орталықтың құрылысына ақша бөлді. Қазақстан Үкіметі ғимаратын салуға еліміздегі мұнай консорциумдары 25 миллион доллар бөлді. Оларды елордамыздың құрылысына қосқан үлестеріңіз болсын деп мен сұрадым. Кувейт салған ғимарат бар. Ескі қалада қазір онда Ауыл шаруашылығы министрлігі орналасқан. Бұрынғы әкімдік. Ол кезде олар әкімдік құрылысын жүргізу үшін 15 миллион доллар берген еді. «Салтанат сарайы» ғимаратына Оман басшысы 10 миллион долларлық чекті жазып берді. Ол чектің тариxы үлкен. Мен басқарушыға чекті беріп едім, ол қаражатты не үшін жұмсаймыз деп абдырап қалды, мен «бар, Салтанат сарайын сал» дедім. Түрік компаниялары, қалғандары да бізге қолдау жасады. Барлығы 300 миллион доллар инвестиция тартылды», — деді Елбасы аталмыш фильмде. Айта кетейік, Астана қаласы қазір ел бюджетіне қаражат түсіріп отырған Қазақстандағы донор қалалардың бірі. Елорда xалқы биыл 1 миллион адамға жетті және еліміздің брендіне айналды. Қаладағы барлық маңызды ғимараттар мен нысандар Елбасының жеке қатысуымен ашылады.

Серіктес жаңалықтары