51495
"Әділқазыларға ескертіп айтпағаныма ренжіме": Бағлан Әбдірайымов қызынан кешірім сұрады
"Әділқазыларға ескертіп айтпағаныма ренжіме": Бағлан Әбдірайымов қызынан кешірім сұрады
«Қазақстан дауысы» балалар ән байқауына әнші Бағлан Әбдірайымовтың Айқаракөз есімді қызы қатысып, келесі айналымға өте алмай қалды.
Қызының жылаған сәті жүрегін елжіретіп жібергенін айтқан әнші одан кешірім сұрап, әлеуметтік желідегі парақшасында әсерлі жазба қалдырды.
«Жылама, қызым! Осы бір сәт жүрегімді елжіретіп жіберді. Жеңілген соң намыстан жылаған қызыма сүйсініп қалдым. Сөйлеу мәнері мен әдептілігі тәнті етті. Анасының еңбегі! Шынымды айтсам, Айқаракөздің өнеріне аса мән бермеппін. Мұңайма, қызым. Сенің жылағаныңа апаңнан бастап, апайыңа дейін көз жастарына ерік беріпті. Әлі талай қуантатын боласың. Жетістікке жету үшін осылай шыңдалған дұрыс деп есептеймін. Әділқазыларға ескертіп айтпағаным үшін, ренжіме. Әкесінің арқасы дегеннен аулақ болған дұрыс. Ақылың бар, түсінесің деп ойлаймын!» — деп жазды әнші Instagram-дағы парақшасында.