"Ит менің балаларыма бірнеше рет шабуыл жасаған! Агрессивті, зооқорғаушылардың әртүрлі тобына жазғанмын (әрине, олар менің балаларымды кінәлап, өзімізді кінәлі етіп қойды). Бүгін, 2022 жылдың 7 мамыры сағат шамамен 18.30-да Азаттық, 153 мекенжайында ит менің бес жасар жиенім Софияның бетін тістеп алды. Видеосын жүктедім. Бұл ит 2021 жылдың 22 қарашасында маған да шабуыл жасады” деп жазды әйел.
Атырауда 5 жастағы қызды ит тістеп алды

Атырауда 5 жастағы қызды ит тістеп алды
Атырауда 5 жасар қыздың бетін ит тістеп алды.
Оқиға туралы Әсем Байжан Facebook-тегі парақшасында жазды, – деп хабарлады Tengrinews.kz.
Атырау облыстық Полиция департаменті жағдай тіркелгенін және иттің иесі жоқ екенін мәлімдеді.
Атырау әкімдігі жағдайды кейінірек түсіндіруге уәде берді.