50229
4 адамнан коронавирус анықталды
4 адамнан коронавирус анықталды
Қазақстанда өткен тәулікте 4 адамнан коронавирус індеті ПТР арқылы анықталды.
Ведомствоаралық комиссияның мәліметінше, індетке шалдыққандардың 1-еуі Нұр-Сұлтан қаласында, 2-еуі Алматы қаласында, 1-еуі Жамбыл облысында тұрады. Жалпы, ел бойынша ауырғандар саны 1 305 603-ке жетті.
«Өткен тәулікте 5 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Оның 1-еуі елордалық азамат, 4-еуі Алматы қаласының тұрғыны. Елімізде жұқпалы дерттен айыққандардың қатары 1 291 450 болды», – деп жазды ведомство.