439
Елбасы көңіл айтты
Елбасы көңіл айтты
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоғанға Ыстамбұл қаласында болған террорлық актіге байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Жеделхатта Қазақстан Президентінің террорлық акт туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдағаны айтылған. «Заманауи сын-қатерлер өршіп тұрған алмағайып заманда біз Түркиямен бірге халықаралық қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін күш жұмылдыруға дайынбыз», - делінген жеделхатта. Мемлекет басшысы қаза болғандардың отбасылары мен жақындарына Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан көңіл айтты, сондай-ақ зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.