Мәскеуде Ислам Кәрімовке ескерткіш орнатылады

Мәскеуде Ислам Кәрімовке ескерткіш орнатылады

Мәскеуде Ислам Кәрімовке ескерткіш орнатылады
ашық дереккөзі
405
Өзбекстанның тұңғыш президенті Ислам Кәрімовке ескерткіш Ресей астанасында соның есімімен аталған саябаққа орнатылады. Мәскеу қалалық думасының тасқа салынған сурет өнері жөніндегі комиссиясының жиналысында осындай шешім қабылданды, деп хабарлады жергілікті БАҚ.
Мәскеу қаласындағы Якиманға ауданында орналасқан саябаққа Ислам Кәрімовтің есімі биыл қазанда берілді. Осындай шешімді ресейлік астана мэрі Сергей Собянин Мәскеу үкіметінің отырысында қабылдады Саябақ Өзбекстан қонақ үйі мен консулдық бөліміне жақын маңда орналасқан. "Ескерткіш орнату туралы шешім бірауыздан қабылданды", - деді комиссия төрағасы Игорь Вознесенский. Өзбекстанның алғашқы президенті Ислам Кәрімов биыл 2 қыркүйекте 78 жасында миына қан құйылу салдарынан қайтыс болды. Ол өзінің туған қаласы - Самарқанда жерленді.

Серіктес жаңалықтары