«Украинадан шетелге 8,3 млн адам бас сауғалап баруы мүмкін» – БҰҰ

«Украинадан шетелге 8,3 млн адам бас сауғалап баруы мүмкін» – БҰҰ

«Украинадан шетелге 8,3 млн адам бас сауғалап баруы мүмкін» – БҰҰ
ашық дереккөзі
50338
Биыл жыл соңына дейін Украинадан шетелге бас сауғалап қашқан босқындар саны 8 миллион 300 мыңға жетуі мүмкін деп хабарлады turkystan.kz. БҰҰ-ның Босқындар жөніндегі агенттігі осындай болжам жасады. Ресми дерек бойынша, соғыс басталғалы бері Украинадан 12 миллион 700 мың адам баспанасын тастап қашқан. Олардың 5 миллионы өзге мемлекетке бас сауғалап кетсе, қалған 8 миллионға жуық тұрғын өз елінде ішкі босқынға айналған. Тыныш жер іздеп жүрген олардың 90 пайызы - әйелдер мен балалар. 13 миллион тұрғын қақтығыс аудандарында қалып қойған. Еске сала кетсек, бұдан бұрын ЮНИСЕФ  миллиондаған украин баласы аш қалуы мүмкін деп дабыл қаққан болатын.

Серіктес жаңалықтары