«Миллиондаған украин баласы аш қалуы мүмкін» - ЮНИСЕФ

«Миллиондаған украин баласы аш қалуы мүмкін» - ЮНИСЕФ

«Миллиондаған украин баласы аш қалуы мүмкін» - ЮНИСЕФ
ашық дереккөзі
ЮНИСЕФ-тің шұғыл көмек көрсету бағдарламасының директоры Мануэль Фонтейн миллионнан астам украиндық бала қажетті азық-түлікпен қамтамасыз етілмейді деп мәлімдеді. Сондықтан қазіргідей соғыс кезінде миллиондаған украин баласына аштық қаупі төнуі мүмкін деп хабарлады turkystan.kz. Одан бөлек, жуырда тағы 1,5 млн бала тамаққа жарымай қалуы мүмкін.
«Мариуполь және Херсон қалаларында жағдай нашар. Ол жерлерде балалар мен олардың отбасылары апталап сусыз және канализациясыз өмір сүріп отыр. Ол аздай, азық-түлік пен қажетті медициналық көмек жоқ», – деді Фонтейн.
Ал ЮНИСЕФ мәліметінше, қазір Украинада 3 млн-нан астам бала бар. Тағы оқи отырыңыздар: Жазира Байырбекова ата-анасыз қалған украин балаларын асырап алғысы келеді