БҚО-да екі аудан суға таласып жатыр

БҚО-да екі аудан суға таласып жатыр

БҚО-да екі аудан суға таласып жатыр
ашық дереккөзі

Батыс Қазақстан облысында екі ауданның тұрғындары суға таласып жатыр. Казталов пен Жаңақала аудандары тұрғындарының Қараөзен арнасына келетін суды бөлісе алмай келе жатқанына біраз уақыт болған деп хабарлады turkystan.kz. Енді тұрғындар екі ауданның мәселесін шешу үшін жаңа су қоймасы керек деп отыр. Жалпы, Казталов ауданына қарасты оншақты ауылдың 11 мыңдай тұрғыны ауыз суды Қараөзеннен алады. Ал бөгеттер қолдан жасалған. Гидроқұрылғы, қақпа деген атымен жоқ. Жанжал облысқа жетіп, шу көтерілген соң, бөгет ашылған. «Қазсушар» РМК БҚОФ Казталов аудандық учаскесінің басшысы Еркебұлан Ермұхановтың айтуынша, өзенге Ресейдің Приузенск су қоймасы арқылы 24-25 текше метрдей су жүріп жатыр. Оның басы 49 м3/секундқа дейін көтерілген болатын. Қазір Жиеш арқылы Сарышығанақ су қоймасына су жіберу жұмысы басталған. Әзірше іс ілгерілемей, суға таластың басылар түрі жоқ. Тіпті биыл іске асыру жоспарланған Жалпақтал су қоймасының жобалық-сметалық құжаттамасы әлі дайындалмаған. Тағы оқи отырыңыз: «285 елді мекенді су басуы мүмкін» – ТЖМ