«285 елді мекенді су басуы мүмкін» – ТЖМ

«285 елді мекенді су басуы мүмкін» – ТЖМ

«285 елді мекенді су басуы мүмкін» – ТЖМ
ашық дереккөзі
Қазақстанда 285 елді мекенді су басуы мүмкін. Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің айтуынша, қазір қауіптің алдын алу жұмыстары жүргізіліп жатыр деп хабарлады turkystan.kz. Бүгін Сенатта елдегі ТЖ-ны жоюдың қалыптасқан жағдайы мен қабылданып жатқан шаралары туралы айтылды.
«Жалпы, еліміз бойынша 1 010 су тасқыны қаупі бар елді мекен бар. Мәселен, 180 мыңнан астам халқы бар 340 елді мекенде қауіп-қатер жойылды және 231 мыңнан астам халқы бар 385 елді мекенде қауіп-қатер барынша азайтылды, су басудың ықтимал қаупі 285 елді мекен үшін сақталып отыр, оның ішінде 132-сі бұрын картамен қарастырылмаған. Су тасқыны кезеңі басталғаннан бері республика бойынша 11 елді мекендегі 192 тұрғын және 78 саяжай үйі, 3 әлеуметтік нысан еріген қар суының астында қалды. Суды бұру жұмыстары толығымен аяқталды. Ауқымды су тасқынына қарамастан, халықты хабардар ету ісі уақтылы жүргізілді, адам шығынына жол берілген жоқ», – деді министр.
Айта кетейік, жуырда Ақтөбе қаласында және Батыс Қазақстан облысының Бөрілі, Жәнібек, Қаратөбе және Шыңғырлау аудандарында жергілікті ауқымдағы 5 төтенше жағдай жарияланды. Қазір Батыс Қазақстан облысындағы жағдай РФ Орынбор облысы Ташлин ауданы Пустобаево кентіндегі су қоймасындағы бөгеттің денін шайып кету салдарынан бақылауда тұр. Тағы оқи отырыңыз: БҚО-да тұрғындар түнде қауіпсіз аумаққа көшірілді