Шымкентте «7-20-25» бағдарламасына қатысты шу шықты

Шымкентте «7-20-25» бағдарламасына қатысты шу шықты

Шымкентте «7-20-25» бағдарламасына қатысты шу шықты
ашық дереккөзі
50365
«7-20-25» бағдарламасына қатысты Шымкент тұрғындары арасындағы конкурс талаптары сақталмады деген шағымдар бойынша әкімнің орынбасары түсініктеме берді деп хабарлады turkystan.kz «Информбюро» бағдарламасына сілтеме жасап. Бұған дейін Шымкентте «Нұрлы жер» бағдарламасының «7-20-25» бағыты бойынша конкурс жарияланып, онда 900 пәтер ғана берілетіні айтылған. Конкурсқа қатысушылар саны 12 мыңнан асып, дәл осы тұста тұрғындар арасында дау туындаған болатын. Олар тізімде әкімдік өкілдері болғанына шағымданды. Жағдайға Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Ерғали Білісбеков пікір білдірді. Ол әкімдік өкілдері, ең алдымен бюджет қызметкерлері де заң аясында бағдарламаға қатыса алады деді. Сондықтан әлеуметтік санаттағы барлық топ үшін құқық бір екенін ескертеді. Оның үстіне бір Шымкенттің өзінде 20 мың мемлекеттік қызметкер баспанасыз отырғанын жеткізді.
«Беріліп отырған баспана тегін емес. Ұзақ жылға жеті пайызбен беріледі. Ерекше ескеретін жәйт, бағдарлама кезең-кезеңнен тұрады. Бірінші кезекте, конкурсқа құжаттар қабылданады. Екінші кезеңде, қабылданған құжаттардың дұрыс-бұрыстығын арнайы комиссия қарайды. Егер заңға қайшы құжат тапсырғандар болса тізімнен шығарылады», – деді әкім орынбасары
Соған қарамастан кейбір мемлекеттік қызметкерлер баспана кезегінен бас тартқан екен.
«Шамасы жетіп тұрса, олар да ипотека алуына болады. Неге болмайды? Олар да даму керек, жылжу керек. Шектеу жоқ», – деді Ерғали Білісбеков.
Тағы оқи отырыңыз: Баспана жалдау ақысының 50 пайызы мемлекет есебінен төленбек

Серіктес жаңалықтары