Баспана жалдау ақысының 50 пайызы мемлекет есебінен төленбек

Баспана жалдау ақысының 50 пайызы мемлекет есебінен төленбек

Баспана жалдау ақысының 50 пайызы мемлекет есебінен төленбек
ашық дереккөзі
Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев елімізде баспана кезегінде тұрған 590 мың адамның 210 мыңы әлеуметтік санатқа жататынын мәлімдеді, деп хабарлады turkystan.kz.
«Бұл – көпбалалы отбасылар, 1 және 2-топтағы мүгедектер, жетім балалар, мүгедек балалары бар отбасылар. Соның ішінде Еңбек министрлігі базасының деректеріне сәйкес, табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен шамамен 70 мың азамат қысқа мерзім ішінде тұрғын үймен қамтамасыз етілуі тиіс», - деді министр.
Оның айтуынша, жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын үй жалдау төлемдерін беретін оператор «Отбасы банкі» болып белгіленген. Жалдау ақысы мынадай тәртіппен субсидияланбақ: - 50% мемлекеттік субсидиялар есебінен жабылады; - қалған 50%-ын алушы өз бетінше төлейді. Тағы оқи отырыңыз: Жалға берілетін пәтерлер тағы 18 пайызға қымбаттап кетті
«70 мың азаматқа қолдау көрсету үшін 50 миллиард теңге қажет. Бұл ретте көрсетілген қаражат жыл сайын кезекте тұрған адамдар санына байланысты өзгеруі мүмкін», - деді ведомство басшысы.