Мирзияев алғашқы сапарын Ресейге жасайды

Мирзияев алғашқы сапарын Ресейге жасайды

Мирзияев алғашқы сапарын Ресейге жасайды
ашық дереккөзі
354
Өзбекстанның жаңа президенті Шавкат Мирзияев өзінің алғашқы ресми сапарын Мәскеуге жасайды. Бұл туралы ресейлік БАҚ Өзбекстан үкіметіндегі дереккөзге сілтеме жасап хабарлады. 59 жастағы Мирзияев 4 желтоқсандағы Өзбекстан президенттік сайлауында 88 пайыздан астам дауыс жинады.
Өзбекстанның жаңа басшысының инаугурациясы жыл соңына дейін өткізіледі, ал 2017 жылдың қысында немесе көктемінде ол Ресейге ресми сапармен барады. "Известия" мәліметі бойынша, өзбек үкіметі Шавкат Мирзияевтың алғашқы ресми сапарына дайындалып жатыр. Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың аталған газетке хабарлауынша, Кремль Өзбекстанның жаңа басшысының бұл жоспарын құптайды және Мирзияевтың сапармен келуін асыға күтеді. Мемлекеттік думаның ТМД істері жөніндегі комитетінің төрағасы Леонид Калашников Өзбекстан басшысының алғашқы сапарын Мәскеуден бастауы - "экономикалық, геосаяси және әскери тұрғыда дұрыс" деп есептейді. Оның пікірінше, Шавкат Мирзияев — "Ресей мен барлық постсоветтік кеңістікті түсінетін адам". "Ол Ислам Кәрімовтің командасында болды, яғни бізбен қарым-қатынас орнатуға дайын". Шавкат Мирзияев 6 қыркүйекте Самарқан қаласында Ресей президенті Владимир Путинмен кездескен кезде Ресейді "стартегиялық әріптес" ретінде сипаттады. Ресей басшысы Самарқанға Өзбекстанның тұңғыш президентін еске алу үшін барған еді.

Серіктес жаңалықтары