50549
Түркістанда жас журналистер білім сайысына қатысып жатыр
Түркістанда жас журналистер білім сайысына қатысып жатыр
Бүгін Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде «Журналистика және ақпарат» даярлау бағыты бойынша XIV республикалық пәндік олимпиадасының 2-ші кезеңі өтіп жатыр.
Олимпиада жаңа бағыттағы 30 жобамен ерекше. Тартысты доданың бірінші күні қатысушы командалардың жалпы ереже бойынша өз атауын, ұранын, эмблемасын таныстырумен басталды. Одан әрі таңдалынған тақырып бойынша бейнесюжет көрсетіліп, командалар балдық жүйемен бағаланды. Олимпиаданың екінші кезеңі Kahoot платформасында негізгі пәндер мен медиа бойынша құралған логикалық сұрақтардан тест тапсырумен жалғасты.
Еліміздің 16 жоғарғы оқу орнынан білімдерін сынауға келген келген 48 жас журналист өзара тартысқа түсті. Олимпиаданың екінші күнінде «Газет жанрлары» бойынша жазбаша жұмыс орындалуда. Мұнда жазбаның мазмұны мен жариялану оперативтілігі басты орынға шықпақ. Сайыс аясында болашақ әріптестер бір-бірімен танысып, пікір алмасып, достық қарым-қатынас орнатуда. Осыдан бір жыл бұрын Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде онлайн олимпиада өтті. Ол кезде ХҚТУ университеті жеңімпаз атанған. Бұл білім бәйгесінің ерекшелігі де сол, ұтқан команда келесі жылы осы дәстүрді өздерінің жоғарғы оқу орындарында өткізу мүмкіндігіне ие болады. Бұл жас журналистерді кәсіби шыңдаумен қатар, олардың оқу орындары үшін тарих беттерінде жазылатын маңызды күн болмақ.
Ал биылғы киелі Түркістан шаһарындағы олимдиада ғажап дер едім! Ер түріктің бесігіне айналған бұл қаланың әр тұрғыны дәл ауа-райының жылулығындай жайдарлы екен. Тәуліктің қай мезгіліне қарамай, әр қаланың түкпір-түкпірінен жиналған командаларды ерекше қарсы алып, жатар орындарына дейін шығарып салып, қаланың әсем жерлерін аралатып, концерттік бағдарлама мен ақ дастарханға жайылған ауыз ашардың қонағы етті. Көне қаланың әсемдігінде сөз жоқ! Тап бір шет ел дерсіз. Алайда, Түркістан үшін бұл әлі бастамасы. Себебі, жоғарыда айтқан 30 жаңа жоба, университеттің 30 жылдығына орай былтыр қабылданып, қазіргі таңда жүзеге асуға қадамдар жасалуда. Бұл тек университет мәдениетін ғана емес, шаһардың материалдық емес, мәдени мұрасын арттыратын тың жоба. Мұнда жастарды жұмыспен қамтамасыз ету, оларға жаңаша білім берудің барлық мүмкіндігі тіпті, бірнеше шет тілдерін еркін меңгеру жолдары мен қатар, экология мәселелердің бәрі қарастырылған.
Қорыта айтқанда, бүкіл БАҚ-тың жиынтық атауы ретінде өңкей бас әріппен жазылатын БАҚ-тарыңыз өздеріңізге серік болсын!
Битай Аяулым,
Л.Н. Гумилев атындағы
Еуразия ұлттық университетінің 4 курс студенті