21 қазан күні Әзербайжандағы Сабунчин аудандық прокуратурасына Эмиль Алиевтің сол ауданда өлтірілгені туралы ақпарат түскен, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бұл туралы Oxu.Az жазды.
Тергеу барысында 2009 жылы туған жасөспірімнің Э. Алиевті қасақана өлтіріп, оған бірнеше рет пышақ жарақатын салғаны туралы негізделген күдік туындаған. Қылмысты, алдын ала болжам бойынша, оның 2009 жылы туған ұлы жасаған.
Алдын ала мәліметке сәйкес, жасөспірім анасы Тахмина Алиеваны балағаттағаны үшін әкесі ескерту жасаған соң, оған төрт рет пышақ сұққан.
Аталған факті бойынша Әзербайжан Қылмыстық кодексінің 120.1-бабы (қасақана кісі өлтіру) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Күдікті қамауға алынды.