Елдос Сметов анасы мен әйеліне бағалы сыйлық жасады (ВИДЕО)

/
Елдос Сметов анасы мен әйеліне бағалы сыйлық жасады (ВИДЕО)
Ашық дереккөзден

Олимпиада алтынының иегері, танымал дзюдошы Елдос Сметов жақындарына арнаған әсерлі тартуларын әлеуметтік желіде көпшілікпен бөлісті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Олимпиада алтынының иегері, танымал дзюдошы Елдос Сметов жақындарына арнаған әсерлі тартуларын әлеуметтік желіде көпшілікпен бөлісті

Бейнежазбаның алғашқы сәттерінде спортшы анасына кішігірім, бірақ мәні зор сыйлық ұсынды. Ол сыйды анасының алақанына ұстатып, шынайы ықыласын білдірді. Бұл сәтте анасының жүзінен қуаныш пен жүрек толқынысы анық байқалды. Ол ұлына ақ тілегін арнап, мейіріммен бетінен сүйді.

Кейін дәл сондай тарту әкесіне табысталды. Әке мен баланың арасындағы жылулық пен құрмет көрінісі көрермендердің жүрегін елжіретпей қоймады.

Соңғы сый Елдостың жұбайына арналды. Күтпеген тосынсыйдан әсерленген жарының жүзі шаттыққа толып, отбасының әр мүшесі бұл сәтте риясыз бақытқа бөленді.

Әлеуметтік желіде Сметов:

«Ассалаумағалейкум, ардақты ағайын! Ата-анамыздың ризашылығына бөленетін сәттеріміз көп болсын. Қадірін білетін, өнегелі ұрпақ көбейсін!» – деп жазды.

Желі қолданушыларының айтуынша, спортшының тартуы – соңғы үлгідегі iPhone 17 Pro Max смартфоны болған. Бұл шынайы ниетпен жасалған сый спортшының отбасысына деген құрметін айқын көрсетіп, көпшіліктің ыстық ықыласына ие болды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары