Өзбекстан өз аумағында «Формула-1» жарысының кейбір кезеңдерін өткізу мүмкіндігін қарастырып жатыр, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.
Бұл туралы белгілі британиялық журналист Джо Сейвард мәлім етті.
Оның айтуынша, Өзбекстан өкілі Сингапурде өткен Гран-приге қатысып, жарыс барысында Ташкентте және елдің өзге де ірі қалаларында «Формула-1» жарысының кейбір кезеңдерін өткізу мүмкіндігін талқылаған.
– Сайыс Таиланд, Оңтүстік Корея және Өзбекстанда өтуі ықтимал. Бұл осы елдерде көлік спортына деген қызығушылықтың артып келе жатқанын көрсетеді, - деп мәлім етті Джо Сейвард.