ІІМ әйелінен зәбір көрген ер адамдардың барын айтты

ІІМ әйелінен зәбір көрген ер адамдардың барын айтты

ІІМ әйелінен зәбір көрген ер адамдардың барын айтты
ашық дереккөзі
50352
Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарының жартысына жуығы - ер адамдар. Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Алексей Милюк айтты деп хабарлады turkystan.kz.
«Тұрмыстық қақтығыстар – көп қырлы нәрсе. 2021 жылы 54% немесе 1022 факті әйелдер болды. Ер адамдарды ұрып-соғу жағдайлары да бар. Сондай-ақ статистика құрбандардың жартысына жуығы немесе 46%-ы ер адамдар екенін көрсетеді», – деді Алексей Милюк.
Оның айтуынша, әйелі күйеуіне бензин шашып, өртеп жібермек болғаны туралы фактілер бар. Көбінесе мұндай жағдайға ішімдік ішу мен отбасындағы жанжалдың шығуы себеп болады екен. Осы орайда, Милюк босанған әйелдерге психологиялық көмек керек деп отыр.
«Елімізде психологиялық қызметті дамыту керек. Бұл адам эмоциялық ашу алдында тұрса, көмек іздеген жағдайда қажет. Себебі психологтың бағалары өте жоғары», – деді ол.
Оның сөзінше, тұрмыстық жанжал кезінде әйелдер көптеген пышақ жарақаттарын алады. Ал әйел мұндай жағдайда ер адамды өлтіруге ниеттенуі мүмкін. Тағы оқи отырыңыз: Бас прокурор «Қасіретті қаңтарда» 11 өңірде зорлық-зомбылық болғанын растады

Серіктес жаңалықтары