50278
Елбасының КТК акцияларын сатып алғаны туралы ақпарат - жалған
Елбасының КТК акцияларын сатып алғаны туралы ақпарат - жалған
«Коммерциялық телевизииялық арна» акционерлік қоғамы КТК телеарнасының акцияларын сатып алу туралы жарияланымдарға қатысты ресми мәлімдеме жасады деп хабарлады turkystan.kz.
«Бірқатар қазақстандық басылымдар Нұрсұлтан Назарбаевтың КТК телеарнасының акцияларын сатып алғаны туралы ақпарат жариялады. Тұңғыш Президенттің акцияларды сатып алғаны туралы ақпараттың жаңсақ екенін мәлімдейміз. КТК телеарнасы расында 2022 жылғы 14 наурызда өз акционерлері арасында бір данасы 500 теңге тұратын 2 622 850 жай акцияларын орналастырды. Оның ішінде 2 396 156 акция КТК телеарнасының ірі акционері - коммерциялық емес ұйым болып табылатын «Нұрсұлтан Назарбаев Қоры» Жеке қоры тарапынан сатып алынды. Мәміле КТК телеарнасын жаңғырту және дамыту мақсатында жасалды. Оқырман қауымды жаңылыстырмау үшін әріптестерімізден болашақта ақпарат жариялағанда ресми ақпаратқа арқасүйеуін және популистік тақырыптардан аулақ болуын сұраймыз», – делінген КТК телеарнасының хабарламасында.Тағы оқи отырыңыз: «Нұрсұлтан Назарбаев қоры» КТК телеарнасының акцияларын сатып алды