«Нұрсұлтан Назарбаев қоры» КТК телеарнасының акцияларын сатып алды

«Нұрсұлтан Назарбаев қоры» КТК телеарнасының акцияларын сатып алды

«Нұрсұлтан Назарбаев қоры» КТК телеарнасының акцияларын сатып алды
ашық дереккөзі
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев КТК телеарнасының акцияларын сатып алды деп жазды turkystan.kz Bugin.kz-ке сілтеме жасап. Арна тілшісінің мәліметінше, «Коммерциялық телеарна» АҚ-ның 2 396 156 жай акциясын бір акция үшін 500 теңгеден «Нұрсұлтан Назарбаев қоры» жеке қоры ұсынған негізгі акционер сатып алды. Мәміленің жалпы сомасы - 1 198 078 000 теңге. Коммерциялық емес ұйым төлем ретінде медиа жабдығын берді. 28 ақпанда КТК телеарнасы акционерлер жиналысында 2 622 850 дана жай акция шығару арқылы АҚ жариялаған акциялар санын 8 152 925 данаға дейін ұлғайту туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді. Ал 14 наурызда акционерлер жиналысы акцияның осы санын (2 622 850 жай акция) сатуға шығару туралы шешім қабылдаған. «Коммерциялық телеарна» АҚ-ның акционерлері: – «TV Media Advertising Agency» ЖШС жалпы 321 470 дауыс арқылы акцияның 5,81 пайызына иелік етеді. – «Нұрсұлтан Назарбаев қоры» АҚ жалпы 5 051 653 дауыс арқылы акцияның 91,36 пайызын иемденді. Айта кетейік, «Нұрсұлтан Назарбаев қоры» жеке қорының негізін қалаушы – Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев.