Кеңөзек тұрғындары 4 жыл бойы түк бітірмеген әкімге қарсы шықты

Кеңөзек тұрғындары 4 жыл бойы түк бітірмеген әкімге қарсы шықты

Кеңөзек тұрғындары 4 жыл бойы түк бітірмеген әкімге қарсы шықты
ашық дереккөзі
50234
Атырау облысына қарасты Кеңөзек ауылының халқы әкіміне наразылық танытты. Олар ауыл әкімінің сайлауға қайта түсуіне бірауыздан қарсы. Айтуларынша, 4 жыл бойы округ басшысы болған Ернар Өтешқалиев ауыл мүддесі үшін көзге ілігерлік жұмыс атқармаған. Сөйте тұра, жақында өтетін ауыл әкімінің сайлауына өз кандидатурасын ұсынған деп хабарлады turkystan.kz elitar.kz-ке сілтеме жасап.  Ауылда проблема шашетектен: жаздық су құбыры мен жаяу жүргіншілер жолы жоқ, бірнеше көше жарықтандырылмаған, оқушылар ауылдағы жалғыз мектепте 4 ауысыммен оқиды. Былтыр жұмысын тоқтатқан карьердің беті әлі жабылмай тұр, көпір мен санитарлық тазалық та сын көтермейді.
«Клуб жоқ. Мәдениет үйі жоқ. Ойын алаңы жоқ. Мына бақты ауылдың 1984 жылы туған балалары салды. Тіпті Наурыз мерекесін де өздері ұйымдастырды. Әкімге барған кезде, қолдамаған. Мына өзектің екі жағы бірдей қоқысқа толып тұр. Ауыл да қоқысқа толы. Оны тазалап жатқан ешкім жоқ. Әкім ұйымдастырып, бақылауы керек емес пе?» – дейді ауыл тұрғыны Рая Бектұрғанова.
Ал ауыл әкімінің міндетін уақытша атқарушы Үміт Есенғалиева болса, тұрғындардан түскен аз ғана салықпен проблеманың бәрін бір мезгілде шешу мүмкін емес деп отыр. Бірақ қалалық әкімдік пен тиісті басқармаларға ұсыныстар жолданатынын айтты.
«Біздің жергілікті бос қалдықта 11 млн қаражатымыз бар. Оны жазғы су жүйесіне деп жоспарлағанбыз. Бірақ бізде қазір бұралқы иттер көбейіп кетті. Сондықтан ол ақшаны қазір екіге бөліп отырмыз. Жартысын жазғы су жүйесіне, қалғанын бұралқы итті жоюға», – деді ол.
Айта кетсек, сайлауға бұрынғы әкімнен өзге үш кандидат түскен. Алайда тұрғындар үміткерлер тұрмақ, бұрынғы әкімнің өзін танымаймыз дейді. Бұл лауазымға ауылдың іскер азаматтары сайланса деген ниетте. Олар алда өтетін ауыл әкімінің сайлауына 100 пайыз қатысамыз дейді. Тіпті ауыл халқы сайлаудың әділ өтуін бақыламақ. Тағы оқи отыңырыз: Батыс Қазақстанда ауыл тұрғындары көшіріліп жатыр

Серіктес жаңалықтары