Батыс Қазақстанда ауыл тұрғындары көшіріліп жатыр

Батыс Қазақстанда ауыл тұрғындары көшіріліп жатыр

Батыс Қазақстанда ауыл тұрғындары көшіріліп жатыр
ашық дереккөзі
Бүгін түнде Батыс Қазақстан облысындағы Бәйтерек ауданы Чинарев ауылының тұрғындары шұғыл түрде көшірілді деп хабарлады turkystan.kz Qazaqstan телеарнасына сілтеме жасап. Себебі, өңірмен шектесетін Ресейдің Орынбор облысы Пустобаево ауылындағы бөгетті су шайып кеткен. Су басу қаупі төнгендіктен, Чинаревтағы 20 адам Январцево ауылындағы мәдениет үйіне көшірілді. Қалғандары туған-туыстарының үйіне орналасты. Дәл қазіргі уақытта тек 4 адам қалды. Ауылда негізінен 150-дей адам тұрады. Көрші елдегі су қоймасында 8 млн текше метр су бар. Бөгеттің бұзылған аумағының ені - 7-8 метр. Су Елтышевка өзені бойымен Чинарев ауылы тұсынан өтіп, Жайыққа келіп құяды. Елді мекенге Оралдан құтқарушылар мен қажетті техника, құрал-жабдықтар жеткізілді. Қазір тасқынның алдын алу жұмыстары жүргізіліп жатыр.