Елбасы гербицид шығаратын зауытты іске қосты

Елбасы гербицид шығаратын зауытты іске қосты

Елбасы гербицид шығаратын зауытты іске қосты
ашық дереккөзі
185
Отандық кәсіпкерлердің төл мерекесі Индустрияландыру күніне орай ұйымдастырылған Жалпыұлттық телекөпір барысында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев гербицид шығаратын зауытты іске қосты. «Аса құрметті Президент мырза! Біздің зауытымызды өзіңіз Тәуелсіздіктің 20 жылдығы қарсаңында қосқан едіңіз. Бүгінде біз өнімнің 66 түрін шығарамыз және біздің ауыл шаруашылығымыздың қажеттілігін толықтай өтейміз», — деді «АвгустНан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басқарушы директоры Мұрат Сәрсембаев. Сонымен қатар ол қазіргі уақытта өндіріс өз өнімдерін Ресейге экспортқа шығаруды қолға алып отырғанын айтты. «Бүгін біз үшін жаңа кәсіпорынды, толық әрекет ететін гербицид өндірісі зауытын іске қосатындығымыз жайында мәлім ету — зор мәртебе. Бұл біздің еліміздің  ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер үшін аса қажет. Калий тұзы өндірісі импорт алмастыруды қамтамасыз етеді. Бұл ТМД аумағындағы ірі әрі толық автоматтандырылған кәсіпорындардың бірі болады», — деді Сәрсембаев.

Серіктес жаңалықтары