432
Гейдар Джемаль Алматыға жерленді
Гейдар Джемаль Алматыға жерленді
Алматыда Ресейдің Ислам комитетінің жетекшісі Гейдар Джемальді жерлеу рәсімі өтті. Ресейдің танымал теологы, «Ресей ислам мұрасы» қоғамдық қозғалысының тең төрағасы Гейдар Джемаль 69 жасында ұзаққа созылған науқастан Алматыда көз жұмды.
Марқұмды Алматыдағы "Бағанашыл" ықшамауданындағы зиратқа жерлеген.
Марқұмның жаназасы Алматының Орталық мешітінде шығарылды. Қоштасуға ондаған адам жиналды.
Гейдар Джемаль Ресей ислам комитетін 1993 жылдан басқарған. Ол "Солшыл майданның" үйлестіру кеңесін құрушылардың бірі болған. "Наразылар маршына" қатысқан.
1999 жылы Ресей мемлекеттік думасының сайлауына қатысқан. 2010 жылы ол Ресей оппозициясының "Путин кетуі тиіс" деп аталатын үндеуіне қол қойған.
Гейдар Джемаль Ресейдің "Бірінші арнасында" "Ныне" деп аталатын бағдарламасын, "Культура" телеарнасында "Все суры Корана" бағдарламасын және РТР телеарнасында "Тысяча и один ночь" бағдарламасын жүргізген. Ислам туралы алты кітаптың авторы.