Әкімдердің цифрлық орынбасарлары пайда бола ма?

Әкімдердің цифрлық орынбасарлары пайда бола ма?

Әкімдердің цифрлық орынбасарлары пайда бола ма?
ашық дереккөзі
50335
Қазақстанда облыс әкімдері және республикалық маңызы бар қала әкімдерінің жаңа орынбасарлары болу мүмкін деп хабарлады turkystan.kz. «Ашық НҚА» порталында жарияланған қаулы жобасына көз жүгіртсек, қазір бұл мәселе қарастырылып жатыр. Порталдағы құжатта ҚР Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы «Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы» №150 Жарлығына «Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері, олардың бірінші орынбасарлары, орынбасарлары және цифрлық орынбасарлары (Chief Digital Transformation Officer, CDTO) деген ұсыныс көрсетілген. Ал жобаның жай-жапсары 2022 жылдың 27 сәуіріне дейін жария талқыланады. Жобаның толық мәтіні мына жерде көрсетілген. Еске сала кетсек, бұған дейін Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың кеңесшілерден бас тартқанын хабарлағанбыз.

Серіктес жаңалықтары