Ресей Федерациясы президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Ресейдің Украинаға қатысты алға қойған міндеттері орындалады, бұған күмәнданудың қажеті жоқ деп мәлімдеді. Бұл туралы turkystan.kz zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлады.
- Украина ІІМ басшысының кеңесшісі Вадим Денисенко ұсталған «Оппозиционная платформа – За жизнь» партиясы саяси кеңесінің төрағасы Виктор Медведчуктің «мықтап жасырылғанын және оның ешқайда кетпейтінін» айтты.
- Украина Қарулы Күштерінің 36-шы теңіз бригадасының командирі Сергей Волына Украина билігін қысқа мерзім ішінде Мариупольді блокададан босатуға шақырды. Оның айтуынша, жағдай өте күрделі.
- Украина және оның шетелдік серіктестері бүгіндері Ресей Федерациясының ядролық қаруды қолдана алатындай белгілерді байқамады, - деді Украина Қорғаныс министрлігінің спикері Александр Мотузянык.
- Америкалық жоғары лауазымды шенеунік The Washington Post газетіне берген сұқбатында «Мәскеу» крейсеріне Украинаның кемеге қарсы зымыранымен соққы берілгенін айтқан. Бірақ ол бұл арада қандай қарулану жүйесі қолданылғанын нақтыламады.
- Израиль Сыртқы істер министрі Яир Лапидтің Ресей Федерациясының БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесіне мүшелігін тоқтату турасына қатысты мәлімдемесі өкініш тудырады, делінген Ресей дипломатиялық агенттігінің хабарламасында.
- Ресей Федерациясы президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Ресейдің Украинаға қатысты алға қойған міндеттері орындалады, бұған күмәнданудың қажеті жоқ, деп мәлімдеді.
- «Мәскеу» зымыран крейсері Севастопольдегі Әскери-теңіз базасына аман-есен жеткізілді, деп жазады ТАСС агенттігі.