«Тазабеков «Асыл арнаны» басқарғанда салықтың барлық түрінен жалтарды» – Тоқтар Жақаш

«Тазабеков «Асыл арнаны» басқарғанда салықтың барлық түрінен жалтарды» – Тоқтар Жақаш

«Тазабеков «Асыл арнаны» басқарғанда салықтың барлық түрінен жалтарды» – Тоқтар Жақаш
ашық дереккөзі
50324
Журналист Тоқтар Жақаш тағы да Мұхамеджан Тазабековке сөзбен тиісті. Әлеуметтік желідегі парақшасында Тазабековтың телеарнаны басқарған кездегі былығы туралы пост жазды. Сөйтіп оқырмандарын ойлантып қойды. Пост авторының жазуынша, Тазабеков телеарнаны басқарған кезде салықтан жалтарған көрінеді деп хабарлады turkystan.kz.
«Мұхамеджан Тазабеков «Асыл арнаны» пәлен жыл  басқарғанда бухгалтерлік қағаздарының бірде-біреуі дұрыс емес еді.  Тіпті, мекемесінде бухгалтер деген атымен болмаған! Қызметкерлеріне жалақыны қолма-қол төледі. Мемлекетке төленуі тиіс салықтың барлық түрінен ашық жалтарып отырды. Оның жалтаруына Қайрат Сатыбалды, Бекболат Тілеуханов сияқты көкелері көмектесті. Жалпы, мемлекет салығынан жалтарудың исламдағы үкімі қандай еді? Білетіндер астына жаза жатар», – деп жазды Тоқтар Жақаш.
Онымен қоймай, пост кейіпкерінің қайда қашып кеткелі жатқанына алаңдады. Тіпті оның құрбандығы туралы кішігірім мәлімет берді.
«Әзірге, Мият Кәшібайдың хабарына назар аударайық. Оның жазуынша,  «Мұхамеджан Тазабеков «Тәлім ТВ-ға» иелік ететін «Асыл арна»  ЖШС құрылтайшылығынан шығып кетіпті. Бұрын бұл мекеменің жалғыз құрылтайшысы Мұхамеджан Тазабеков еді» деп жатыр. Яғни, құлағымен ін қазған Мұха ертең тексерулер бола қалса, Нұржан Жарас деген кісіні құрбандыққа шалуға дайындап қойыпты! Арыс қаласында туған Нұржан Жарас туралы қосымша мәлімет пен суретті алып тастадым. Өйткені, тағы да бір Нұржан Жарас деген жігіт «Асыл арнада» бұрыннан техник боп істейтін. Сол болуы бек мүмкін. Ал анау ушлый Тазабеков қай жаққа қашып кеткелі жатыр екен?» – деді журналист.
Тағы оқи отырыңыз: «Алжыды дейін десең, жасы 50-ге де жеткен жоқ»: М.Тазабек тағы сынға ұшырады  

Серіктес жаңалықтары