«Алжыды дейін десең, жасы 50-ге де жеткен жоқ»: М.Тазабек тағы сынға ұшырады

«Алжыды дейін десең, жасы 50-ге де жеткен жоқ»: М.Тазабек тағы сынға ұшырады

«Алжыды дейін десең, жасы 50-ге де жеткен жоқ»: М.Тазабек тағы сынға ұшырады
ашық дереккөзі
Ақын, Facebook белсендісі Мықтыбек Оразтайұлы айтыскер Мұхамеджан Тазабекті сынап тастады. Оның айтуынша, кезінде 30-ға толмай жатып топты жарған дүлей ақынның «діншіл», «жағымпаз» атанып кеткені өкінішті екен деп жазды turkystan.kz.
«Кезінде одан мықты айтыскер ақын жоқ еді. Мұхамеджан сияқты мықты ақынды оған дейін де, одан кейін де көрмедім. 1990 жылдардың бірінші жартысында Меліс Қосымбаев екеуі қазақ айтысына жаңа леппен келді де, айтыстың жаңа дәуірі басталып кетті. «Топырақтай құнарлы қазағыма, жапырақтай иілем күздігүнгі» деген сықылды ғажап теңеулерімен елдің көңілін бір демде жаулады да алды. Құдай одан тіл мен жақты да, дауысты да, домбыра тарту шеберлігін де аямапты. Сол кезде «ешкімнен ешқашан жеңілмейді» делінген Әселхан Қалыбекованы бірінші боп жеңген ақын осы – Мұхамеджан-тұғын», - дейді Мықтыбек.
Сондай-ақ ол ақынның сол жылдары Меліс Қосымбаевпен айтысқанын, екеуі айтыстың таңғажайып түрін көрсеткенін мысал етті. Онда да Мұхамеджан Тазабек қарсыласына жауап берудің классикалық үлгісін көрсеткен.
«Неге екенін, Мұхамеджан айтыста қалай тез жарқыраса, солай тез көзден таса болды. Жасы 30-ға да жетпей жатып айтыстан біржола қол үзді. Біраз жыл көрінбей жүрді де, «Діншіл Мұхамеджан» пайда болды. Кезінде сахнада қазақтың жырын жырлап, сөзін сөйлеген, халықтың тіл мен жағы болған оны қазір мүлде танымайсың. Қазіргі Мұхамеджан «бір кезде алапат шайыр болған» деп ешкімді сендіре алмайсың. Әйтпесе, қазіргі ол жазып жүрген постар – бір кездегі біртуар ақын айтатын сөз бе еді? Қартайып, алжыды дейін десең, жасы 50-ге де жеткен жоқ. «Ақын Мұхамеджан»... «Діншіл Мұхамеджан»... «Жағымпаз Мұхамеджан»... Дүлей ақын сүйкімсіз жағымпазға айналды... Үлгі болатын азаматтың күлкі болғанынан артық қасірет бар ма...» - деп күйінді одан әрі пост авторы.