Қанша Ресей азаматының қазақстандық ЖСН алғаны белгілі болды

Қанша Ресей азаматының қазақстандық ЖСН алғаны белгілі болды

Қанша Ресей азаматының қазақстандық ЖСН алғаны белгілі болды
ашық дереккөзі
50730
Қазақстаннан сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) алған ресейліктердің саны былтырғы жылмен салыстырғанда 14 пайызға өскен деп хабарлады turkystan.kz. Ішкі істер министрлігі өткен жылы 14 717 Ресей азаматының ЖСН алғанын  хабарлаған. Ал биылғы жылдың алғашқы 3 айында 12840 ресейлік Қазақстаннан ЖСН алған. Оның үстіне, биыл наурызда Қазақстанда тіркелген ресейліктердің де саны артқан. Мысалы, бір айда 10 995 Ресей азаматы ЖСН алған. Былтыр наурызда мұндай азаматтардың саны нәбәрі – 783 болған. Елімізден ЖСН алған украин азаматтары да жетерлік. Мәселен, қаңтарда – 42 украиндық ЖСН алса, ақпанда – 80, наурызда – 198 адам алған. Ескерте кетейік, ЖСН Қазақстанда 2007 жылы енгізілген. Шетелдік азаматтардың ЖСН алу үшін Қазақстанда болуы міндетті емес. Мұны прокси арқылы да алуға болады. Тағы оқи отырыңыз: Ресей азаматтары Қазақстан банктерінде жаппай шот ашып жатыр

Серіктес жаңалықтары