Алматы пәтер бағасы бойынша көш бастап тұр

Алматы пәтер бағасы бойынша көш бастап тұр

Алматы пәтер бағасы бойынша көш бастап тұр
ашық дереккөзі
268

2015 ақпанында Казриэлт порталының базасындағы Алматыда көрсетілген пәтерлердің орташа бағасы 362 440 мың теңгені құрады яғни бір шаршы метрі үшін 1959 доллар. Бұл бір ай бұрынғы көрсеткіштен 2,94% көп, ал бір жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда 1,11% аз деп хабарлайды kapital.kz.

Салыстыру үшін Қазақстанның қайталама жылжымайтын мүлік нарығындағы пәтерлер бағасы 362 181 мың теңге немесе бір шаршы метрі үшін 1958 долларды құраған. Бұл бір ай бұрынғы көрсеткіштен 3,64%, бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 0,86% артық. Ал Алматы қаласындағы жекеменшік үйлердің бағасы 56 296 583 теңге немесе обьекті үшін 304 306 доллар көлемінде белгіленді. Бұдан бір ай бұрынғы көрсеткіштен 15,51%, бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 3,65%-ға өсім байқауға болады. Ақпан айындағы көрсеткіш бойынша Алматы Қазақстан қалаларының ішінде пәтер бағасы жөніндегі тізімде көш бастап тұрды. Екінші және үшінші орындарға Астана, Қарағанда қалаларындағы пәтер бағасын жатқызуға болады.

Серіктес жаңалықтары