Алматыда 7 көшенің аты ауысады

Алматыда 7 көшенің аты ауысады

Алматыда 7 көшенің аты ауысады
ашық дереккөзі
215
Алматыда жеті көшенің атауы өзгереді, — деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі. Қала әкімі Бауыржан Байбек көшелердің жаңа атауларын 1 желтоқсанда Республика Сарайының алдында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне арналған салтанатты іс-шарада айтады. Сондай-ақ, мерекелік іс-шара барысында ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 1991 жылдың 10 желтоқсанында өз лауазымын атқаруға кірісуінің салтанатты рәсімін мәңгі есте сақтау үшін естелік тақтаның орнатылатыны айтылады. Салтанатты шараға қала әкімі Бауыржан Байбек, ғалымдар, қоғам қайраткерлері, құрметті азаматтар, қала тұрғындары мен қала жастары қатысады.

Серіктес жаңалықтары