«Егемен Қазақстанның» басшылық құрамында өзгерістер болды

«Егемен Қазақстанның» басшылық құрамында өзгерістер болды

«Егемен Қазақстанның» басшылық құрамында өзгерістер болды
ашық дереккөзі
1371
«Егемен Қазақстан» Республикалық газеті» акционерлік қоғамы Директорлар кеңесі отырысының шешімі бойынша Қоғамның Басқарма мүшелері құрамында жаңа өзгерістер болды. Басқарма төрағасының жаңа орынбасарлары болып Жандос Бəделұлы жəне Айбын Шағалақов тағайындалды. Осы шешімге сəйкес, Ахметқали Утигалиев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Басқарма төрағасының орынбасары қызметінен босатылды. Ал Еркін Қыдыр Басқарма төрағасының орынбасары қызметінен босатылып, Басқарма төрағасының кеңесшісі болып тағайындалды. Сондай-ақ, Басқарма төрағасының шешімімен газеттің бөлім басшылары қызметін атқарып келген Сейфолла Шайынғазы мен Ғабит Мүсіреп Бас редактордың орынбасарлары болып тағайындалды.

Серіктес жаңалықтары