289
Қырғыз мигранттары Мәскеу мэрі Собяниннің "бас ауруына" айналды
Қырғыз мигранттары Мәскеу мэрі Собяниннің "бас ауруына" айналды
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің, соның ішінде Қырғызстанның мигранттары көптеген мәселе туғызады. Бұл туралы Мәскеу мэрі Сергей Собянин тәртіп мәселелері жөніндегі жалпықалалық жиында мәлімдеді, деп хабарлады ТАСС.
Собяниннің айтуынша, Қырғызстаннан келген мигранттар еңбек қатынастарын рәсімдемейді, салық төлемейді, көбіне өндіріс орындарында, лас жерде тұрады. "Мигранттардың көп келуі, өкінішке орай, қаланы қауіпсіз етпейді", - деді Собянин.
"Сол себепті Ресей үкіметімен бірге біз бұл мәселені заңмен шешу жолдарын қарастырып жатырмыз", - деді мэр. Ол мәскеулік полицияны халық жасағымен бірге Мәскеудегі заңсыз мигранттарды анықтау жөніндегі кешенді шаралар жүргізуге шақырды.
"Түрлі деректер бойынша, мигранттардың 40 пайызы қалада заңсыз жұмыс істейді, олардың көбі вахталық жүйемен еңбек ететіндер, яғни Ресейде 90 тәулік болады, сол себепті тіркеуден өтпейді", - деп түсіндірді қала басшысы.
Еске салсақ, Ресей астанасында тұратын қырғызстандықтардың хабарлауынша, 20 қарашадан бастап Мәскеуде тіркеуде жоқ мигранттарды тексеру жиілеп кетті. Олардың дерегі бойынша, тексерулер 25 желтоқсанға дейін созылады. Полиция қызметкерлері қырғыздар тұратын пәтерлерге түн жарымында немесе таң ата баса-көктеп кіріп келеді.